Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

611

Параламенттің төменгі палатасына жаңа заң жобалары келіп түсті.

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды Фото: google.com

Мәжілістің жалпы отырысында палата комитеттері заң жобаларын жұмысқа қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Соның бірі – 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы біздің елге мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.

"Қаралып отырған хаттама ресейдің мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына жеткізу кезінде уақытша мерзімді кедендік декларациялаудың қолданылуын алып тастауға бағытталған. Хаттамада ресейлік гудронды Қазақстанға жеткізу бойынша монополияны алып тастау көзделеді, соның арқасында қазақстандық кәсіпкерлер баға белгілеу және жеткізу мерзімдері бөлігінде өз мүдделерін ескере отырып, мұнай өнімдерін еркін сатып алу мүмкіндігіне ие болады", - деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Екінші заң жобасы – Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы сондай-ақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім.

"Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы шарт екі елдің құзыретті органдары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған. Шартқа сәйкес екі ел бір-біріне олардың аумағында жүрген, іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруге міндеттенеді. Шартты ратификациялау екі елдің қылмыстылықпен күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады", - деді Снежанна Имашева.

Еске салайық, осыған дейін Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу