Мәжіліс жер қойнауын пайдалануға байланысты заң жобаларын мақұлдады

850

Мәжіліс жер қойнауын пайдалануға байланысты  заң жобаларын мақұлдады

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы кодекс және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚР парламенті мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.

Бұл кодекстің ең негізгі ерекшелігі – ол осы жер қойнауы саласындағы барлық сұрақтар бір құжаттың ішінде жинақталған. Соның нәтижесінде, жер қойнауын пайдаланушылар үшін де, инвесторлар үшін де тиімді жағдай жасалатын болады",- деді мәжіліс төрағасы отырыста.

Айта кететін болсақ, кодекс жобасы жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің жаңа тәсілін көздейді. Онда жер пайдалану құқығын "бірінші келдің – бірінші алдың" қағидаты бойынша берудің австралиялық моделін енгізу, пайдалы қазбалар қорларын есептеудің халықаралық жүйесіне көшу, геологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын әзірлеу, уранды, көмір қабаттарының метанын игеруді реттеу, пайдалы қазбаларды старателдік өндіруді енгізу сияқты жаңалықтар қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу