Мәжіліс зілзала қатерін азайту орталығына қатысты келісімді ратификациялады

Орталық алаңында Қазақстанның, шет мемлекеттердің, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибелі сарапшыларын тарта отырып, 163 халықаралық іс-шаралар, семинарлар мен тренингтер өткізілді. 

Мәжіліс зілзала қатерін азайту орталығына қатысты келісімді ратификациялады Фото: Егемен Қазақстан

Мәжілістің жалпы отырысында  "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады .

Келісімге 2022 жылғы 17 маусымда Астана қаласында қол қойылған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, келісім Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі арасындағы 2013 жылғы 17 мамырдағы Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығын құру туралы келісімнің 6-бабын іске асыруды көздейді.

"Көрсетілген Келісімнің 6-бабында Орталықтың болу шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Орталық арасындағы жеке халықаралық шартпен айқындалатыны белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық халықаралық ұйым ретінде өзінің мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету Келісімде көзделеді", - деді заң жобасын таныстырған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.      

Орталық алаңында Қазақстанның, шет мемлекеттердің, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибелі сарапшыларын тарта отырып, 163 халықаралық іс-шаралар, семинарлар мен тренингтер өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бір жарым мыңнан астам өкілі зілзалалар қаупін азайту мен төтенше жағдайлар саласында әлемдік қоғамдастық әзірлеген үздік тәжірибелерге оқытылды.

Бүгінгі күні Орталық серіктестермен бірлесіп, зілзалалар қаупін азайту мен төтенше жағдайлар саласында 60-тан астам зерттеу, талдамалық, әдістемелік әзірлемелер, оқу-әдістемелік, ақпараттық және есептік материалдарды әзірлеп, ұйымның сайтында орналастырды.

"Ынтымақтастық үшін құқықтық база құру мақсатында Орталық халықаралық, үкіметтік емес, ғылыми, білім беру және өзге де ұйымдармен 31 меморандумға қол қойды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу