Еске сала кетсек, Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы 2022 жылдан бастап әзірленуде. Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі құжат 2023 жылдың көктемінде дайын болады деп хабарлаған.
Елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс тіркеледі. Оның ішінде құлдыққа мәжбүрлеу, қинап ұстау, сату фактілері бар. Тіпті жаңа туған нәрестені саудаға салатындар да кездеседі. Заң жобасы осындай жағдайларды да қамтымақ.