26 тамызда партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаевтың өз еркімен мандатын тапсыру туралы өтініші қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның мандаты "Ақ жол" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нуралдиновке берілді.
Оның кандидатурасын ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекітіп, Нұрлан Әбдіров арнайы куәлікті өзі табыстады.
Олжас Нуралдинов 1989 жылы туған. Кәсіпкер, "Ақ жол" демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы. Бұған дейін партия тізімі бойынша Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып, экономика және қаржы жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ІІІ және ІV шақырылымдарының мүшесі.