"Билікте білікті адамдардың болуы маңызды. Ұсынылып отырған шаралардың қайсысы популистік, қайсысы рационалды екенін түсініп, баға беру үшін judgement деген болады. Кейбір шешімдердің ұтымдылығын, орындылығын басшылыққа алу қажет", - деді Шаяхметова.
Баяндамашы халыққа әр қабылданған шешімді дұрыс жеткізу, түсіндіру керек деп есептейді.
"Халыққа қазір қиын кезең екенін, бүгінде көрші елдерде соғыс, жаһандық дағдарыстар болып жатқанын және белгілі бір қадамдар жасау керек екенін түсіндіру керек", - деді банк төрағасы.
Шаяхметова билікке қабілетсіз адамдардың келуі мүмкін екенін де атап өтті.
"Енді Мәжіліске блогерлер мен хайп жасағыштар келеді деп қатты қорқамын", - деп түйіндеді спикер.