Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын талқылайды, деп жазады inbusiness.kz.
Оны Мәжіліс отырысында Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды.
"Оның мақсаты – Қазақстан аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату немесе сот тағайындаған жазаның мерзімін қысқарту. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарға мемлекет пен қоғам жағынан мейірімділік және ізгілік актісі болып отыр", – деді Арман Қожахметов.
Алдағы уақыттар бұл жеңілдік кімдерге қатысты болатыны анықталады.