Мәжілісмен Берік Дүйсенбинов: "Алаш күнін" мемлекеттік деңгейде атап өту керек

689

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.  

Мәжілісмен Берік Дүйсенбинов: "Алаш күнін" мемлекеттік деңгейде атап өту керек Фото: parlam.kz

Депутат 12 желтоқсанды Қазақстанда "Алаш күні" деп ресми белгілеп, мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толды. 29 маусымда "Ақ жол" фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған. Алайда Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғаны туралы жүре жауап берді", - деді Берік Дүйсенбинов Мәжілістің жалпы отырысында.

Берік Дүйсенбинов бұл күнді мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды.

"Бұл мерейлі күнді тек алаштанушылар мен біздің "Ақ жол" партиясы ғана түрлі іс-шара өткізіп, атап өтті. Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Құрметті Әлихан Асханұлы! Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында "Ақ жол" фракциясы алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдап, Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде "Алаш күні" деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу