Мәжілісмен блогерлерді әскерге шақыруды ұсынды

643

Халық қалаулысы Константин Авершин Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа тиісті депутаттық сауал жолдады. 

Мәжілісмен блогерлерді әскерге шақыруды ұсынды Фото: www.kp.kz

Оның сөзінше, бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштерінің жағдайы туралы пікірталас шиеленісіп тұр.

Көп жағдайда әскерде борышын өтемеген және бұл салаға қатысы жоқ "диван сарапшылары" бұл тақырыпты көтеруге бейім келеді.

"ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ҚР жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы Заңына сәйкес (кейінге қалдыру не басқа да негіздер бойынша) әскери бөлімдерде әскерге шақырылмаған азаматтық тұлғалардың мерзімді әскери қызмет өткеру шарттарында тиісті әскери-дәрігерлік комиссияны өткеннен кейін ерікті тәртіппен уақытша шарттарда (1-3 ай) болу мүмкіндігін пысықтау керек. Бұл әскери қызмет туралы материалдар жариялауға ниетті блогерлер, журналистер, қоғамдық пікір көшбасшыларына әскердің атмосферасын сезіну мүмкіндік береді", - деді депутат.

Сонымен қатар, бұл оларға  әскери қызметтің барлық нақты қиындықтары мен ауыртпалықтарын өз көзімен көруге көмектеседі.

"Бұл олардың дүниетанымының өзгеруіне де әсер етеді. Сондай-ақ осылайша әскери қызмет туралы ақпарат тарататын тұлғалардың жауапкершілігі де артады деп санаймыз. Сондай-ақ, бұл шара шұғыл әскери қызмет өткермеген, қолында автомат ұстамаған адамдарға ең болмағанда бастапқы әскери даярлықтан өтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті халық қалаулысы.

Ал қоғам өз кезегінде ҚР Қарулы Күштері туралы репортаждар ала алады, деп түйіндеді Константин Авершин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу