Мәжілісмен: Үкімет ұлттық қорсыз қалу қаупі барын түсінуі керек

1037

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Үкіметке "Ұлттық қор туралы ойламау – елдің болашағы туралы ойламаумен бірдей" екенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжілісмен: Үкімет ұлттық қорсыз қалу қаупі барын түсінуі керек

"Үкіметке болашақта, ұлттық қорсыз тек борыштары ғана қалуы мүмкін екенін түсінетін уақыт келді. Сондықтан бүгін Ұлттық қор туралы ойламау, ол елдің болашағы туралы ойламаумен бірдей", - деп ескертті Сенат және Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысында депутат.

Оның айтуынша, 2020 жылы COVID-19 індетіне қарсы күреске 6,9 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 3,5 трлн теңге бөлінген.

"Бұл сомалар қалай игерілді? Есеп комитетінің деректері бойынша оларды игеру кезінде көптеген заңбұзушылыққа жол берілген", - дейді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану практикасы жалғасып келеді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 569 млрд теңгені құраған. Яғни 2019 жылға қарағанда 33%-ға артық.

"Таң қалатыным, оның 10%-ы, яғни 56 млрд теңгесі квазимемлекеттік секторға қатысты болып отыр. Бір қарағанда, олай болуы мүмкін емес болып көрінеді, өйткені олар бюджеттік ұйымдар емес, кәсіпкерлік субъектілері ғой", - деп таңданады депутат.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу