Мәжілісте аграрлық банк құру ұсынылды

893

Мәжілісте аграрлық банк құру ұсынылды

Қазақстанда көпдеңгейлі аграрлық несие жүйесін немесе аграрлық банк құру қажет. Бұл туралы мәжілісте аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz .

Қазақстанда банктердің АӨК субъектілерін қаржыландыруының көлемі төмендеген.

Банк несиелеріндегі ауыл шаруашылығының үлесі жылдық көлемде 2011 жылы 7,5 есеге, 2016 жылы 2,5 есеге түскен.

"Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселені мамандандырылған аграрлық банктер, кооперативтік банктер жүйесі, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі банктер шешеді. Қазақстанға да ауыл шаруашылығын несиелендірудің көпдеңгейлі жүйесін енгізудің уақыты келді", - дейді Сапархан Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу