Мәжілісте әкімшілік әділет саласын кеңейтуге қатысты заң жобасы мақұлданды

1179

Заң жобасы негізгі үш бағытты қамтиды.

Мәжілісте әкімшілік әділет саласын кеңейтуге қатысты заң жобасы мақұлданды Фото: gov.kz

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Заң жобасы мынадай негізгі бағыттарды көздейді. Біріншісі – жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен әкімшілік әділет аясына көшіру. Оларға "Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу" АПК-нің 30-тарауы және "Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу" АПК-нің 44-тарауы жатады. Екіншісі – Үкіметке мемлекеттік органдар және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту", - деді заң жобасын таныстырған Әділет министрі Азамат Есқараев

Оның сөзінше, Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс ережелері (дауларды сотқа дейін реттеу) және Үкімет регламентінің ережелері бойынша қаралатын тәсілді әзірледі.

Бұдан бөлек заң жобасы Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзетуді, сондай-ақ ӘРПК-ке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

"Бұдан басқа дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің болмауына байланысты қайтарылған талап-арыздардың санын қысқарту көзделеді (бұл да сот органдарына жүктемені азайтады), мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады, өйткені олардың әрқайсысында шағымдарды қарау тәртібінің нақты иерархиясы айқындалатын болады, яғни қабылданатын даулар үшін "жауапкершілік" сияқты түйінді индикатордың күшеюі байқалатын шешім. Заң жобасында әкімшілік рәсімдер тәртібін жетілдіруге және "құқықтық вакуумдарды" нивелирлеуге бағытталған басқа да түзетулер көзделеді", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу