Мәжілісте әскери полиция органдарының өкілеттіктерін кеңейту мәселесі талқыланады

766

Заң жобасының негізгі мақсаты – Қарулы күштердегі құқықтық тәртіпті нығайту.

Мәжілісте әскери полиция органдарының өкілеттіктерін кеңейту мәселесі талқыланады

Парламент Мәжілісі "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасын талқылайды, деп жазды inbusiness.kz.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспанның айтуынша заң жобасының мақсаты – Қарулы күштердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған әскери полиция органдары қызметінің міндеттері мен өкілеттіктерін кеңейтуге байланысты заңнамалық негіздерін біріздендіру.

"Комитет осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге әзір", – деді спикер. 

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасын да қарайтын болады. 

"Заң жобасы әскери полиция органдары туралы заң жобасында қарастырылған нормаларды жүзеге асыруға және олқылықтар мен коллизияларды жою мақсатында әзірленді. Комитет құжат бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу