Мәжілісте отандық өндірісті қолдауға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

189

"CT-KZ" нысанындағы сертификаттар 2026 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста қалады.

Мәжілісте отандық өндірісті қолдауға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды Фото: mtrk.kz

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң жобасы қолданыстағы сертификаттардың орнына Қазақстанда шығарылған тауарлар тізілімін жасауды белгілеу және отандық өндірушілерді қолдау шараларын көрсетуге, қазақстандық тауар үлесін арттыруға бағытталған.

"Біріншіден, заңда уәкілетті органды айқындай отырып, тізілімнің атауын және оны жүргізу тәртібін өзгертетін түзетулер енгізілді. Олар цифрлық верификация мен өндірісті бағалауды жүргізу арқылы Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін құру болып табылады. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі 2025 жылда күшіне енетін болады, ал "CT-KZ" нысанындағы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар 2026 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста қалады. Екіншіден, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін өндіріс жағдайларына, өндірістік және технологиялық операцияларға қатысты талаптарды белгілейтін де ұсыныстар енгізілді",  деді депутат Мұқаш Ескендіров.

Реестрді қалыптастыру және кейінгі мониторинг шеңберінде өндірушілердің өндіріс жағдайларын орындауын бақылаудың тиімділігін, олар мәлімдеген мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді. 

"Заң жобасы аясында енгізуге жоспарланған тауарлардың шығарылған елін айқындау саласындағы сараптама жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау мен лицензиялауды алып тастау туралы ұсыныс қолдау тапты", – деді мәжілісмен.

Айта кету керек, осыған дейін қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі құрылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу