Мәжілісте полиция туралы – нақты, халықпен кездесу туралы жалпылама айтылды

2150

Мәжілісте құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды.

Мәжілісте полиция туралы – нақты, халықпен кездесу туралы жалпылама айтылды

"Бюро отырысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын арттыру, зейнетақымен қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қарастырылған", - деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметінен.

Осы отырыста жаңа спикер Ерлан Қошанов депутаттардың халық арасына шығуы керегі туралы да айтқан. Алайда, бізге келген ақпарда, сапарларға қойылатын мақсат жалпылама сипатталады.

"Төраға халықпен кездесу тек облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де өткізілуі қажеттілігін атап өтті. Депутаттардың басты назарында, мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары, оның ішінде жуық арада ғана өткен қайғылы оқиғалар салдарынан елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру туралы болатынын айтты", - деп жазылған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу