Мәжілісте Ұлттық спорт түрлеріне басымдық берілетін заң қабылданды

205

Бір спорт түрі бойынша 1 ұлттық спорт федерациясы  ғана аккредиттеледі. 

Мәжілісте Ұлттық спорт түрлеріне басымдық берілетін заң қабылданды Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Мәжіліс дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қабылданған тағы бір өте маңызды норма федерациялардың аккредитиация алу тетігі өзгертілді. Сәйкесінше енді еліміздегі барлық спорттық федерациялар ұлттық  спорт федерациясы болуы керек. Бір спорт түрі бойынша 1 ұлттық спорт федерация  ғана аккредиттеледі. Бұдан басқа, заң жобасында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жекелеген құзыретінен артық заңнамалық регламенттеу нормаларын алып тастау көзделеді. Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары, мақсаттары және міндеттері нақтыланды", – деді құжатты таныстырған депутат Нартай Сәрсенғалиев.

Заң жобасымен жұмыс барысында келесі түзетулер енгізілді:

  • басым спорт түрлерінің қатарына ұлттық спорт түрлері енгізілді;
  • аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болу міндеті белгіленді;
  • аккредиттелген ұлттық және жергілікті спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау міндеті бекітілді;
  • "мемлекеттік дене шынықтыру – спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау" ұғымы енгізілді, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау институты енгізілді;
  • саланың ерекшелігін ескере отырып, бірінші басшыларды мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарына лауазымды қызметке тағайындау мен қызметінен босату тәртібін регламенттеу бойынша құзыреттер белгіленді.

"Уәкілеттті органға спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға-колледждерге оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту бойынша құзырет берілді. Бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның спорттық іс-шараларға баруға байланысты шығындарын өтеу бойынша заңнамалық талап белгіленді. Спортпен шұғылдану және спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жасты бекіту жөніндегі нормалар қабылданды. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға басым спорт түрлерінің республикалық тізбесін және басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлеу және бекіту, оған қоса жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау бойынша құзырет берілді", – деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Айта кету керек, осыған дейін енді легионерлерге мемлекеттен қаражат бөлінбейтінтінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу