Мәжілісте заң жобалары мақұлданды

824

Мәжілісте заң жобалары мақұлданды

Бүгін палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен мәжілістің жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасы еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін пайдалануға бағытталған ратификацияланатын заң жобаларының маңыздылығын атап өтті. Депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді, сондай-ақ, Қазақстан мен Норвегия арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімдегі заңнамалық түзетулерді ратификациялауға арналған заң жобаларын мақұлдады.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Өзбекстан және Норвегиямен жасалған келісімдер еліміздің көліктік инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаһандық логистикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған.

"Бұл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру және Қазақстанның ең қуатты еуразиялық көліктік-логистикалық хабқа айналуы туралы жүктеген міндеттерін орындау үшін өте маңызды", - деді мәжіліс төрағасы.

Келісімдерді ратификациялау жолаушыларды, сондай-ақ автомобиль көлігін, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны құруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу