"Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау нәтижесі бойынша Зәкіржан Пірмұхамедович Хузиев Орталық сайлау комиссияның қатысуымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, біздің қатарымызға қосылды", – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Кейін жаңадан сайланған депутат ант берді.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығымен, тәуелсізігін нығайтуға, оның Конституциясымен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", – деді Зәкіржан Хузиев.
Ерлан Қошанов жаңа депутатқа сәттілік тіледі.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу