Мәжілістегі ең жас депутат алғашқы сауалын Премьер-Министрге жолдады

1259

Мәжілістегі ең жас депутат алғашқы сауалын бірден Премьер-Министрге жолдады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мәжілістегі ең жас депутат алғашқы сауалын Премьер-Министрге жолдады

Мәди Ахметов талай жыл шешімін таппаған жатаханамен қамту мәселенін көтерді. Елбасының тапсырмасынан кейін 184 жаңа жатахана құрылысына бюджеттен 118 млрд теңге де бөлінді. Алайда, бұл қаражаттың бір бөлігі қолданыстағы 36 жатахананы жөндеуге жұмсалып кеткен. Жаңадан бой көтергені 39 ғимарат қана. Ал бұл уақытта 80 мыңнан астам студент әлі жалдамалы пәтер жағалап жүр. Жатақхана жетіспеушілігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Мұнда жатар орынға мұқтаж студенттердің үлесі 56%-ды құрайды. Екінші орында – Алматы. Аталған жұмыстың баяу жүруіне алаңдаушылық танытқан Мәжіліс депутаты мәселеге Асқар Маминнің тікелей араласуын сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу