Мәжілістегі комитеттің атаулары мен саны өзгеріссіз қалды

601

ҚР Парламенті Мәжілісінің комитеттері саны мен атаулары өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мәжілістегі комитеттің атаулары мен саны өзгеріссіз қалды Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс комитеттерінің саны мен атауларын VII шақырылымдағы қалпымен қалдыруды ұсынды.

Дауыс беруге қатысқан 97 депутаттың 96-сы ұсынысты жақтады.

Осылайша Мәжіліс комитеттерінің саны мен атауы мынандай құрамда қалатын болды:

  1. Аграрлық мәселелер комитеті;
  2. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті;
  3. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
  4. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
  5. Қаржы және бюджет комитеті;
  6. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті;
  7. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу