Мәжілістегі жеті комитет өзгеріссіз қалды

1202

VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің алғашқы жалпы отырысында Палатадағы жеті комитеттің төрағасы мен комитет құрамы сайланды.

Мәжілістегі жеті комитет өзгеріссіз қалды

Мәжіліс депутаттары бірауыздан бұған дейінгі жеті комитеттің атауы мен санын өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен, Мәжілісте тұрақты жұмыс істейтін жеті комитеттің төрағалары болып,  мына депутаттар сайланды:

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы - Барлыбаев Ерлан Хайланұлы;

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы – Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы;

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы - Мусин Қанат Сергейұлы;

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы - Марат Әпсеметұлы Құсайынов;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы - Құспан Айгүл Сайфоллақызы; 

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы – Милютин Александр Александрович;

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы- Рау Альберт Павлович;

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында комитеттердің құрамы сайланып, соған сай қаулы қабылданды.

Қымбат Нұрғали
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу