Мәжілістен бүгін тағы екі депутат кетті

3199

Парламент мәжілісінің депутаттары Зүлфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасунов өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға "өтініш берді". Өтінішті депутаттар мақұлдады.

Мәжілістен бүгін тағы екі депутат кетті

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. "Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер" бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисті (2019 ж.). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (Бангкок, Таиланд) Қоршаған орта және даму, энергетика, сондай-ақ макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру жөніндегі дивизиондарының консультанты, Қазақстан мен Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңселерінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

Тохтасунов Владимир Имтахунович 1953 жылы 7 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1975 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы "Жылумен, газбен жабдықтау және желдету біліктілігі бойынша инженер-құрылысшы". Өзінің еңбек жолын 1975 жылы қазанда Алматы қалалық жылу жүйелері кәсіпорнында бастады, онда режим бойынша шеберден учаске бастығына дейін өтті. 1983-1986 жылдары Алматы қалалық жылу жүйелері кәсіпорнының кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1986-1987 жылдары Алматы облыстық "Облтеплокоммунэнерго" өндірістік бірлестігінің бас инженері. 1987-1988 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің Құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы. 1988-1999 жылдары "Алматы облтеплокоммунэнерго" мекемесінің бас директоры. 1999-2007 годы Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі. 2007-2014 жылдары басшылық қызметтерді атқарды, атап айтқанда: "Алматытеплокоммунэнерго" АҚ-ның президенті, "Алматыгортранс" ЖШС-нің директоры, "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС-нің директоры. 2014-2021 жылдары "Жетісу-Облгаз" ЖШС-нің бас директоры. 2021 жылғы 15 қаңтардаң Қазақстан халқы Ассамблеясынан VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. "Құрмет" орденімен (2005 ж.), көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. Алматы облысының құрметті азаматы. Үйленген, үш баланы тәрбиелеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу