Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселе қаралды

690

Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселе қаралды

Алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

"Бұл сессия Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәжілістің алдына қойған маңызды міндеттері мен тапсырмаларын орындауға арналды. Ең бастысы президентіміз парламентте өзінің бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету біздің депутаттарымыздың сессиядағы негізгі міндеттерінің бірі болды. Бұл жолда көптеген заңдар қабылданып, көптеген парламенттік шаралар өтті", - деді қорытынды жиында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин

Сессияда мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселе қаралды. Осы кезеңде128 заң жобасы палата қарауында болып, оның 91-і мақұлданып, Сенатқа жолданды.

Бұған қоса 18 үкімет сағаты мен 2 парламенттік тыңдау, 21 көшпелі отырыс және 3 халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Палата Спикері атап өткендей, осының барлығы депутаттық корпустың үкіметпен, тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу