Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысында Қаңтар оқиғасына қатысты Бас прокурор ауызша жауап береді

500

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабын тыңдайды, деп жазады inbusiness.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысында Қаңтар оқиғасына қатысты Бас прокурор ауызша жауап береді Фото: inbusiness.kz

Еске сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.

"Бұдан бөлек ғимарат фойесінде Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырады", делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу