Мәжілістің экс-төрағасы қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

1666

Оның пікірінше, жаңа міндеттерді орындау үшін кадр саласын жаңарту керек. 

Мәжілістің экс-төрағасы қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы мәселені қарады. Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса маңызды міндеттер жүктегенін алға тартып, ол мақсаттарға жету үшін кадр саласын жаңарту керек екеніне тоқталды. 

Отырыста ҚР Конституциясының 58-бабы 2-тармағына сәйкес Нұрлан Нығматулинді Мәжіліс төрағасы қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа қойып, ол бірауыздан қабылданды. 

"Биыл Мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Ең алдымен Елбасымыз, Nur Otan партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевқа, қазіргі Мемлекет басшысы, партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді экс-төраға.

Одан әрі Нұрлан Нығматулин үш шақырылым бірге жұмыс істеген барлық депутатқа осы жылдар ішінде қолдап, сенім білдірген сайлаушыларға, Мәжілістің заң шығару жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз еткен аппарат қызметкерлеріне, барлық қоғамдық ұйым өкілдеріне журналистерге, сарапшыларға алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу