Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды, деп жазады inbusiness.kz.
"Абай облысындағы өрттің салдары адам өліміне әкеліп соқты. Бұл ауыр қайғы барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Осыған орай Президентіміз 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Барлық депутаттардың атынанан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Отырысымызды бастамас бұрын қаза болған арыстарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Еске салайық, Абай облысындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 12 маусым күні Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды.