Мәжілістің су жаңа төрағасы "сыпайы" депутаттарды шенеп өтті

1115

Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарды "сұрақтарыңыз тым сыпайы екен" деп шенеп өткендей болды. Айтуына қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрінің өзі дәл алдарына келіп тұрса да, оған ешбір депутат саладағы тамырын тереңге жайған сыбайлас жемқорлық туралы өткір сұрақ қоймады.

Мәжілістің су жаңа төрағасы "сыпайы" депутаттарды шенеп өтті

Айта кету керек, мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралған болатын. 

Төраға осы заң жобасына қатысты мәжілістің аграрлық комитетіне ұсыныс айтты. 

"Президенттің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты үлкен жиын болды кеше ғана. Сонда ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен сын айтылды. Бұл – жылдардан келе жатқан жемқорлық, әсіресе субсидияға байланысты. Неліктен? Себебі жергілікті жерлердегі лауазымды тұлғалардың қолы таза емес және біздің заңдар оған тосқауыл болуға жеткіліксіз. Сол бойынша депутатар тарапынан ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрақ бола ма деп едім... өкінішке қарай болмады. Сонымен ұсыныс мынау: қаралып жатқан заң жобасына жемқорлыққа тосқауыл болатын қандай өзгеріс енгізу керек? Министрлікпен бірлесіп шешім қабылдасаңыздар", – деді төраға.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу