Сәрсенбі күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айтуар Қошмамбетов ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін”, - деді Айтуар Қошмамбетов.
Айта кету керек, осыған дейін Мәди Такиевтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу