Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында бір мандаттық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары талықыланды.
"Кеше кешкі жағдай бойынша тіркеу қорытындылары мынандай. Барлығы 29 бірмандатты мажоритарлық сайлау округтері бойынша сайлау комиссиялары 475 кандидатты тіркеді. Бұл орта есеппен бір мандатқа 15 кандидаттан деген сөз. Ең жоғары бәсеке Астана қаласының №1 және №2 округтерінде болды, сәйкесінше 41 және 42 кандидат тіркелді. Алматы қаласының №3, №4 және №5 сайлау коругтерінде сәйкесінше 37, 33 және 34 кандидат тіркелді. Ең төмен бәсеке - Түркістан облысының №25 сайлау округінде 5 кандидат тіркелді", - деді Константин Петров.