МБЖЖ қатысушылар қатарына тағы бір банк қосылады

878

 МБЖЖ қатысушылар қатарына тағы бір банк қосылады

18000 қазақстандықтың қатысушы банктердегі білім беру жинақтау шотындағы білім алуға деп жинаған салымы 13 миллиард теңге болды, деп хабарлайды abctv.kz "Қаржы орталығы" ММ мәліметіне сүйеніп.

Бүгінгі дейін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) 18000 салымшы тіркелген. Олардың жинаған қаржысының жалпы көлемі 13 млрд теңгені құрады. Мемлекеттен төленген сыйақы көлемі 897 млн теңге болды.

Қазіргі кезде 360 студент МБЖЖ-ның қаражатына оқып жатыр.

2017 жылдың соңына қарай МБЖЖ-ға бесінші қатысушы банк "Tengri Bank" АҚ қосылады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Цеснабанк" АҚ, "ВТБ Банк" АҚ ЕБ, "Нұрбанк" АҚ депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысушылар болып табылады.

МБЖЖ бағдарламасына қатысатын банктердің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге лицензиялары бар, сондай-ақ облыс орталықтарында, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда филиалдарға ие. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу