МБЖЖ салымшыларына банктен бөлек мемлекеттен де сыйлықақы төленеді

898

2013 жылы елімізде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң қабылданды. 2014 жылдан бастап жүйе тұрақты түрде жұмыс істей бастады. 

МБЖЖ салымшыларына банктен бөлек мемлекеттен де сыйлықақы төленеді

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) салымшыларына 12% дейін банктік сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы төленеді. Бұл туралы "Қаржы орталығы" АҚ-ның президенті Ыбрайымов Асқар айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Асқар Ыбрайымовтың айтуынша, 2013 жылы мемлекет басшысының бастамасы бойынша халыққа ЖОО-лар мен колледждерде білім алуда қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесін (депозиттер) енгізуді көздейтін "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" ҚР Заңы қабылданды. 

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі депозиттерінің басты артықшылығы салымдарға 12% дейін банктік сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы төленеді. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, басымдықты санаттағылар үшін - 7%.  

"Бүгінгі таңда МБЖС шеңберінде 16 802 561 331 теңге сомасына 19 166 білім беру жинақтау салымы тіркелді.

Биыл ақпан айында 14 739 салымшы бойынша 757 409 000 теңге мемлекет сыйлықақысы төленді. Осы уақытқа дейін салымдар бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы 1 644 761 000 теңгені құрады.  

"Қазіргі уақытта МБЖЖ бойынша білім алатын студенттердің мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ЖОО-ларымен 105 және колледждерімен 525 МБЖЖ саласында келісім жасалды. Бүгінгі күнде 403 студент МБЖЖ шеңберінде білім алып жүр", – дейді Асқар Ыбрайымов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу