McDonald's мейрамханалары біртіндеп жұмыс істей бастады

487

McDonald's фаст-фуд желісі техникалық себептерге байланысты елімізде өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

McDonald's мейрамханалары біртіндеп жұмыс істей бастады

"Біз қалаларда біртіндеп қонақтарды қабылдай бастадық", – деп жазылған McDonald's хабарламасында.

McDonald's желісінің Қазақстандағы, сондай-ақ Ресей, Беларусиядағы белгілі бір бөлігі танымал отандық олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі. 

Ол 2022 жылы наурыз айының ортасында квазимемлекеттік секторда өте ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталған. 

55 жасар Қайрат Боранбаев – еліміздегі бай адамдардың бірі, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы, оның қызы Назарбаевтың немересі Айсұлтанның әйелі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу