McDonalds компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдегі 850 мейрамханасының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бірақ корпорация Ресейден толықтай кеткенге дейін 62 мың қызметкеріне жалақы төлейді.
"Біздің құндылығымыз – Украинада болып жатқан жайтқа бей-жай қарамау", – деді компанияның бас директоры Крис Кемпчински.
Сонымен қатар Starbucks, Coca-Cola, PepsiCo, KFC және Pizza Hut Ресейден кететінін мәлімдеді. KFC және Pizza Hut бұл елде жаңа мейрамханалар ашуға қатысты жұмыстардың тоқтатылғанын жариялады.
Табиғат Нұрболат
Фото: 24tv.ua
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу