Медбикелер кейде 90 келі оттегі баллондарын 2-3 қабатқа тасымалдайды

1097

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов денсаулық сақтау министріне ковидтік ауруханалардағы медицина қызметкерлерінің санын ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Медбикелер кейде 90 келі оттегі баллондарын 2-3 қабатқа тасымалдайды

 "Стационарлық бөлімше 25 науқасты емдеуге есептелген. Штаттық кестеге сәйкес оларға 3 медбике қызмет көрсетеді. Алайда жазда мұндай бөлімдерде 40-45 науқастан емделді. Оларға 3 медбике қызмет көрсетті. Олар 8-10 сағат бойы ауа өткізбейтін арнайы қорғаныс киімдерімен жұмыс істеді. Бұл физикалық тұрғыда өте қиын",– деді депутат.

Мақсат Раманқұловтың айтуынша, оттегі станциясымен жабдықталмаған  ауруханаларда медбикелер кейде салмағы 90 келі оттегі баллондарын 2-3 қабатқа тасымалдайды.

"Дәрігерлердің жан айқайын кім тыңдайды? Мұндай жүктеме көрсетілетін қызметтің сапасына теріс әсер ететінін түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамның физикалық шаршауы жинақтала келіп, эмоционалды күйзеліске ұласады. Дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемеге сәйкес ауруханалардағы медициналық персоналдың тиісті нормасын қайта қарау қажет", – деді депутат.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу