Медет Құмарғалиев және Ахметжан Пірімқұлов қамауға алынды

1974

Нұр-Сұлтанда "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның бас директоры Медет Құмарғалиев, сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов уақытша тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Медет Құмарғалиев және Ахметжан Пірімқұлов қамауға алынды

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Ахметжан Пірімқұлов пен Медет Құмарғалиев Қазақстаннан кетпек болған кезде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне Ахметжан Пірімқұлов 2019 жылғы шілдеде тағайындалды.

Медет Құмарғалиев 2019 жылғы қарашадан бастап "Оператор РОП" ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

Еске салайық, биыл 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" компаниясын утилизациялық алымды алу құқыған айыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу