Қала әкімдігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жүргізіп келеді.
І тоқсанда Медеу ауданында 57 "Сергек"аппараттық-бағдарламалық кешені (290 камера) орнатылды.
Ауданда бейнемониторинг жүйелері желісінің жобасын кеңейту аясында III-ші тоқсанда 750 жаңа бейнекамера орнату жұмыстары басталады. Медеу ауданы – жол қозғалысы қарқынды, халық тығыз орналасқан аудандардың бірі.
"Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту және жайлылығын арттыру үшін біз қоғамдық көлік паркін үнемі жаңартып отырамыз. Медеу ауданына қызмет көрсететін 22 маршруттағы жылжымалы құрамдар жаңартылады", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу