Медеу ауданында ылғалды топырақ көшкіні түсті

1025

28 наурызда сағат 15:00-ден кейін ТЖД-іне жаңбыр мен қардың еруіне, топырақтың ылғалы болуына байланысты Медеу ауданы, Көктөбе ықшамауданы, С.Нұрмағамбетов көшесінен, Орманов көшесі, 133 мекен жайы бойынша орналасқан  "Жайлау" этно-кафесінің аумағына 450-500 текше метр қамтыған топырақ сырғымасының түскені туралы ақпарат келіп түсті.

Медеу ауданында ылғалды топырақ көшкіні түсті

Топырақ массасы Кіші Алматы өзенінің арнасына түсіп, өзен арнасын бөгемеді. Топырақтың батпақтануы жауын-шашынның салдарынан, деп себебі анықталуда. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта балшық массасын тазалау жұмыстарын "Ана Жер Құрылыс" ЖШС (30 адам, 3 бірлік техника) жүргізуде. Оқиға орнына Медеу ауданы ТЖ басқармасының, "Қазселденқорғау" ММ бастығы шыққан болатын.

Қазселденқорғау ММ талдауына сәйкес, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты тау бөктеріндегі қардың тұрақсыз жағдайына байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда қар көшкіні қауіпті.

Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖД сырғыма, топырақ көшкін қаупі бар учаскелерде тұрғын үйлерді салуға ұсынылмайды;

Үйлерді салу, жолдарды кесу, жоспарлау жұмыстары үшін таудың баурайын кесу ұсынылмайды;

Герметикалық емес септиктерді, дәретханаларды және т.б. пайдалануға тыйым салынады;

Тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбыры және суару құбырларының жай-күйін ұдайы бақылап отыру ұсынылады;

Суармалы суды пайдалануды бақылаңыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу