"Медеу" бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

268

Бұл дода бүгінде Алматыдағы ең танымал бұқаралық спорттық іс-шаралардың біріне айналған.

"Медеу" бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды Фото: Алматы әкімдігі

"Медеу" бөгетінің баспалдағы тағы да ерік-жігердің, төзімділік пен спорттық рухтың алаңына айналды. Алматы қаласының Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, дәстүрлі жыл сайынғы жүгіру жарысына Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан шамамен 3 мың адам қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жарысқа балалар, жастар, ересектер, тәжірибелі спортшылар және өз күшін алғаш рет сынап көргісі келген қатысушылар шықты.

Олар 100, 200 және 500 метр қашықтықтарға жүгірсе, ең төзімді қатысушылар жыл сайын нағыз ерік-жігер сынағына айналатын аңызға айналған 842 сатыны бағындырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу