Медеу мен Алма-Арасанға баруға тыйым салынады

764

Табиғи аймақтарға тек жұмыс күндері жаяу серуендеуге рұқсат етіледі. 

Медеу мен Алма-Арасанға баруға тыйым салынады

"Алматы қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысына сәйкес COVID-19 инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында Ұлттық парктер мен туристік орындарға баруға бірқатар шектеулер енгізілді",  – деп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Атап айтсақ, Медеу, Алма-Арасан, Бутаковка сынды таулы және туристік нысандарға баруға тыйым салынады. Шектеу көліктің барлық түрлеріне қарастырылған. Демалыс күндері Ұлттық парктерге келушілерді қабылдамайды. Табиғи аймақтарға тек жұмыс күндері жаяу серуендеуге рұқсат етіледі. 

Жұмыс күндері тек жаяу серуендеуге келесі ережелерді сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
- Ішетін сусыннан басқа азық-түлік өнімдерін әкеліп, пикник ұйымдастырып, алау жағуға қатаң тыйым салынады;
- Саябақ аумағында үштен артық адамдармен топтасып жүруге тыйым салынады;
- Әлеуметтік қашықтық сақтаудың санитарлық нормаларын ұстанып, маска тағу және адамдар арасында қашықтық сақтау. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу