Медеу мен Шымбұлақ қайта ашылады

574

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес қос спорттық кешен сынақ режимінде жұмыс істейді. 

Медеу мен Шымбұлақ қайта ашылады

Қабылданған құжатқа сүйенсек, көктемде жабылған Медеу мен Шымбұлақ әзірге 
тек белгілі уақыт аралығыда қайта ашылады. Алматының көркін келтіріп тұрған "Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы 2020 жылдың 19 қарашасынан 30 қарашасына дейін, ал "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешені 2020 жылдың 16 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында жұмыс істейді. Шаңғы кешеніне бір ауысымда келушілердің саны 30%-дан аспауға, ал "Медеу" мұз айдынына бір уақытта 500 адамнан артық кірмеуге тиіс. Қос кешеннің тамақтану объектілерін 50 орынға шақтау туралы шешім қабылданған. Бұл ретте үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы керек. 

Алайда қос спорттық нысанда да ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу