"Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары күрделі жөндеуге жабылады

238

Құжаттағы мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстары Алматы қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары күрделі жөндеуге жабылады Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта бюджеттік заңнамаға сай рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Қайта жөндеу жұмыстары аясында "Медеу" халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылады. Оның техникалық мүмкіндіктері Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) талаптарына сай келетін болады. Бұл конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Алматы әкімдігі мұз айдынының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шаралар қабылдайды. Олардың ішінде:

  • Бэнди (допты хоккей) жарыстарын өткізу;
  • Мұздағы спидвей (мотоцикл жарысы) бойынша әлем чемпионаттарын ұйымдастыру;
  • Мәнерлеп сырғанау және түрлі мәдени-спорттық іс-шараларды өткізу.

Айта кетейік, "Медеу" мұз айдыны – әлемдегі ең биік орналасқан ашық мұз айдындарының бірі.

Айдынның ауданы: 10 500 шаршы метр

Биіктігі: теңіз деңгейінен 1691 метр

Рекордтар саны: конькимен жүгіру спорты бойынша ең көп әлемдік рекордтар осы жерде орнатылған

Бұған дейін, "Медеуде" адамдар көптігін және ауа райын алдын ала көруге болатын онлайн-камера орнатылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу