"Медеу" мұз айдыны модернизациядан өтеді

177

Жыл басынан бері "Медеу" мұз айдынына 400 мың адам келді.

"Медеу" мұз айдыны модернизациядан өтеді Фото: Алматы қаласы әкімдігінен

Алматы әкімі Ерболат Досаев демалушылар санының артқанын ескере отырып, "Медеу" мұз айдынының жағдайына баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкім "Медеу" Алматының ең тартымды орындарының қатарында қала беретінін айтты. Қала тұрғындарына, қонақтарға, туристерге арналған орын.

– Біз былтыр оның техникалық жағдайына аудит жүргіздік. Оның нәтижесі мұз айдынының қалыпты режимде жұмыс істей алатынын көрсетті. Бұдан бөлек, бұл нысанның модернизация концепциясын бекіттік. Қазір оны жобалауды бастаймыз. Мұз жасау жүйесі жаңартылды, енді "Медеудің" инженерлік және басқа да инфрақұрылымын жаңарту қажет, – деді Ерболат Досаев.

Айтуынша, мұз айдынына барғысы келетіндер үшін арнайы камералар орнатылған, бұл демалушыларға адамдар аз уақытты таңдауға мүмкіндік береді.

– Әрине, 2 қарашада мұз айдыны ашылғанда әдеттегідей көп адам – жастар мен студенттер келді. Қазір жағдай біршама жақсарды, тұрғындар профилактикалық шаралар жүргізілетін күннен басқа кез келген жұмыс күні келуге болатынын біледі. "Медеу" Алматының мақтанышы әрі символы болып қала береді деп ойлаймын, – деді Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу