"Шымбұлақ" тау курорты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында паркингтегі ескі жабдықтарды заманауи жабдықтарға ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты паркинг аумағында тұрақ ақысы уақытша алынбайды.
"2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап жабдықтар ауысқан соң, тұрақтың құны өзгерместен паркинг өз жұмысын штаттық режимде қайта бастайды",-деп хабарлады "Шымбұлақ" тау курортының баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу