"Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті қайтарылады

2251

Сондай-ақ, ол мұз айдыны бұдан былай екі емес, үш ауысымда жұмыс істейтінін хабарлады. 

"Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті қайтарылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Медеу" мұз айдынының жаңа маусымға дайындығын тексерген. Бұл туралы әкім  Instagram-да жазды.

"Медеудің" жаңа маусымға дайындығын тексердім. Жалға беру пунктерінің саны екі есе өсіп, конькилердің саны 2000-нан 3500-ге дейін артқан. Жалға берушілер ескі конькилерді ретке келтіріп, қосымша жаңа конькилер сатып алған. Билет беру жүйесі де өзгерді. Енді бірыңғай билет беріледі, оған жалға алуға дейінгі қызмет түрлерінің барлығы кіреді. Билеттерді онлайн алуға да болады",– деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ, ол мұз айдыны бұдан былай екі емес, үш ауысымда жұмыс істейтінін хабарлады.

"Мұз жиі тазартылады, соның арқасында оның бетінде сырғанау жайлы болады. Айдынның салқын бөлігінде фудкорт және демалыс орындары ұйымдастырылады", – деді  шаhар басшысы.

Әкім сонымен қатар мұз айдынының қала мақтанышына айналған тарихи келбеті қалпына келтірілетінін айтты. Алайда оның қашан, қалай жүзеге асатыны туралы ақпарат бермеді.

Айта кетейік, "Медеу" мұз айдынын архитектор В.З. Кацев, А.С. Қайнарбаевтардың қатысуымен 1972 жылы салынып біткен. Кешен құрылысына қатысқан 10 адам  1975  жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орталығы, қонақ үйі кіреді.

19 қазанда мұз айдыны конькимен сырғанаудың жаңа маусымын ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу