Медеу мұз айдынының тарихи келбеті сақталады

227

Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Медеу мұз айдынының тарихи келбеті сақталады Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.

Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады.

Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу