Жобаны Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бекет №16 өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы Кіші Алматы шатқалы, Қимасар, Бутаковка, Просвещенец және Көкжайлау танымал тау маршруттарының жанында орналасқан.
Жедел әрекет ету үшін қажетті барлық заттармен, соның ішінде арнайы техникамен, жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақталған", – делінген ҚР ТЖМ таратқан хабарламада.
Кезекшілікті кез келген уақытта оқиға орнына шығуға дайын білікті құтқарушылар атқарады.
Орташа уақыт 1,5-2 сағатқа қысқарды, бұл таулы жерлерде өте маңызды.
"Медеуде тәулік бойы жұмыс істейтін бекет құру – Алматы тұрғындары үшін де, туристер үшін де қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нақты шара", – деп атап өтті министр Шыңғыс Әрінов.
Бақылау-құтқару бекетін ашу – таулы аудандарда, туристік маусымда қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі.