Медеу-Шымбұлақ арасында электр такси жүретін болады

916

Электр көлігіне арналған жылдам қуаттайтын электр стансаларын орнату аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медеу-Шымбұлақ арасында электр такси жүретін болады

Компания таратқан хабарламаға сүйенсек, экотакси аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін іске қосылады. Аталған бағытта қызмет көрсету үшін барлығы сегіз электромобиль шығарылады.

"Жоба Қазақстан Республикасында электр стансаларының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде іске асырылып жатыр. Айта кету керек экотакси қызметін Қазақстанда шығарылған JAC маркалы электр көліктері көрсететін болады",– деп жазылған хабарламада.

Болжам бойынша электр көлігімен шаңғы базасына жылына 150 мыңнан астам адамды жеткізілмек. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге және әлеуметтік осал топтар санатына жататын адамдарға жол жүруге 50% мөлшерінде жеңілдіктер беру мәселесі пысықталуда екен.

"Қазіргі уақытта ЭҚҚ Операторы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан-Бурабай трассасында 103 жылдам қуаттайтын станцияларын орнатуды аяқтады",– дейді компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу