Медеу – Шымбұлақ аспалы жолдары қазанның ортасына дейін жабылды

3643

Осы уақыт аралығында жолаушыларға экоавтобустар қызмет етеді. 

Медеу – Шымбұлақ аспалы жолдары қазанның ортасына дейін жабылды

2 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ аспалы жолдары жөндеу жұмыстарына жабылды. Бұл туралы тау-шаңғы курортының әкімшілігі әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ескертті. 

"Біз жылына екі рет маусым басында аспалы жолдың негізгі бөлшектерін ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", –  деп жазды тау-шаңғы кешені ресми Instagram парақшасында.

Осы уақыт аралығында жолаушыларға экоавтобустар қызмет етеді. Олар аспалы жолдардың тәртібі бойынша күнде таңғы 10:00-ден кешкі 18: 00-ге дейін жұмыс істейді. Экоавтобустарға арналған жол жүру билеттерін Медеу бекетінде орналасқан кассадан алуға болады.  

Естеріңізге сала кетсек, Медеуде орналасқан базалық бекеттен Шымбұлақ тау-шаңғы курортына апаратын аспалы жолдар 2010 жылы ашылған болатын. Олардың жалпы ұзындығы –  4,5 шақырым. Медеуден тау-шаңғы кешенінің ең биік нүктесіне дейін 20 минуттың ішінде жетуге болады. Аспалы жол бойымен 114 кабина ары-бері қатынайды. Олардың әрқайсысының сыйымдылығы 8 жолаушыға есептелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу