Медеу-Шымбұлақ автожолында блок бекет орнатылды

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. 

Медеу-Шымбұлақ автожолында блок бекет орнатылды Фото: Алматы қаласы ТЖД

Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

"11-14 наурыз аралығында  үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты  қар көшкіні жүруі мүмкін.

Медеу-Шымбұлақ автожолында,  сондай - ақ  Үлкен Алматы өзенінің автожолында Аюсай бөгетінде блок бекеттер қойылған. Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса  тауларға барудан бас тартқан дұрыс", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу