Медеуде табылған жігіттің кім екені белгілі болды

1259

Марқұм 19 жастағы Жәкежан Сержан Серікұлы Алматы облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медеуде табылған жігіттің кім екені белгілі болды Фото: volontery_lider.kz_almobl

Бұл туралы "Лидер" еріктілер қозғалысы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Полиция дерегі бойынша, ол Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы үйінен 22 ақпанда таңғы сағат 09:00 шамасында шығып кетіп, қайта оралмаған. 
Қандай жағдайда өлгенін қазір полиция анықтап жатыр.

Бұдан өзге мәлімет тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Медеуде ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Болжам бойынша ол биіктен құлап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу